Өзіңізді қалай сезінетініңіздегі болмашы өзгерістердің өзіне мән беріңіз. Уақытылы талдау тапсырып, дәрігерге қаралып тұрыңыз! Бұл көп уақытыңызды алмайды, бірақ ең бастысы – денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі.
Қанның биохимиялық талдауы ауру дамымай тұрып-ақ ағзалар қызметіндегі функционалдық бұзылыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу арқылы қант диабетінің, семіздіктің, анемияның, бүйрек, асқазан-ішек жолы және жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының даму қаупін бағалауға болады.
Қанның биохимиялық талдауы мына жағдайларда тағайындалады:
- профилактикалық медициналық тексеру аясында;
- өзін жайсыз сезінуге қатысты шағымдар болған кезде;
- қандай да бір ауруды емдеу барысында бақылау мақсатындағы тексеру үшін.