- Қант диабеті – инсулиннің жеткіліксіз өндірілуіне және/немесе оның әсерінің бұзылуына (немесе осы екі фактордың қатар жүруіне) байланысты қандағы глюкоза деңгейінің созылмалы жоғарылауымен (гипергликемиямен) сипатталатын эндокриндік аурулар тобы. Қант диабетінің барлық түрлерінің ішінде ең жиі кездесетіні – 2 типті қант диабеті.
- Инсулин – қандағы глюкоза деңгейін реттейтін гормон.
Ұзақ уақыт бойы бақылаусыз жүрген гипергликемия қан тамырларының, көздің және бүйректің зақымдануына әкелуі мүмкін. Ауруды дер кезінде анықтау қант диабетін дұрыс тамақтану, қалыпты дене белсенділігі және дәрі-дәрмек арқылы тиімді бақылауға мүмкіндік береді.
Патологияны дер кезінде анықтау үшін профилактикалық медициналық тексерулерден тұрақты түрде өтіп тұрыңыз.