Аллергия суық тию, тері аурулары немесе ас қорыту жүйесінің бұзылыстары сияқты көрінуі мүмкін, сондықтан оның нақты себебін анықтау оңай емес.
Аурудың нақты көзін анықтауға ALEX2 аллергочипі көмектеседі. Бұл – маңызды аллерген экстрактілері мен молекулалық компоненттердің көпшілігіне қатысты E класына жататын арнайы антиденелердің деңгейін бір уақытта сандық түрде анықтауға арналған аллерготесттер панелі.
ALEX2 – 300 -ге дейін көрсеткішті қамтитын, аллергияны диагностикалаудағы кешенді шешім
30 сәуірге дейін зерттеуді 15% жеңілдікпен арнайы шарттарда тапсырыңыз.
Аллергия адамның әдеттегі өмір ырғағына әсер ететін жағымсыз симптомдармен байқалады. Кей жағдайларда ол өмірге қауіп төндіруі ықтимал.
Аллергияға күдік туындаса, дереу аллерголог дәрігерге қаралу қажет. Дұрыс таңдалған ем аллергияны бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
Не нәрсеге аллергия болуы мүмкін?
Аллерген – бұл аллергиялық реакцияны тудыруы мүмкін кез келген зат. Ең жиі кездесетіндері: тозаң, өсімдіктердің шаңы, үй жануарларының жүні, зең, цитрус жемістері, сүт және сүт өнімдері, бал және тағы басқа заттар.
Қандай симптомдар болуы мүмкін?
Аллергияның типтік белгілеріне мыналар жатады:
әлсіздік, ашушаңдық, зейінді шоғырландыру қиын, ұйықтау қиын, бас ауруы;
екі көздің қабағының ісінуі мен қызаруы, жас ағу, қышу, көрудің нашарлауы;
мұрыннан мөлдір бөліністер, жиі түшкіру, мұрынның қышуы және күйдірілуі және мұрынның бітелу сезімі;
кейде – иіс сезудің төмендеуі, жөтел, кеуде қуысының қысылуы, ентігу;
терінің бөртпесі, қызаруы, ісінуі және пиллингі;
диарея, метеоризм, құсу және т.б.
Біз не ұсынамыз?
ALEX2 панелі бір уақытта кең спектрлі аллергендерге сезімталдықты анықтауға мүмкіндік береді, соның ішінде:
әртүрлі дәнді дақылдардың, ағаштардың, шөптердің шаңы;
үй шаңының кенелері;
зең және ашытқы саңырауқұлақтары;
өсімдік және жануар тектес өнімдер;
үй жануарлары мен малдың тері қабаты мен қабыршағы;