Top.Mail.Ru
Откройте чат или скачайте Viber

Сіз қалада тұрсыз  Сіздің қалаңыз:  Боралдай

Бағалар және төлем әдістері таңдалған қалаға байланысты.
Пациенттерге
Талдаулардың нәтижелері
Талдаулардың нәтижелері
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Kz
Тілді өзгерту
Пациенттерге

02.02.2026 - 31.03.2026
5 990 ₸

Бұл неліктен маңызды?

D дәрумені сүйектердің беріктігін қамтамасыз ететін минералдар - кальций, фосфор және магний алмасуын реттеуге қатысады.

Сонымен қатар, ағзадағы D дәруменінің жеткілікті деңгейі кезінде:

  • тыныс алу жолдары ауруларының жиілігі төмендейді, сондай-ақ қант диабеті мен жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі азаяды;
  • жүйке-бұлшықет өткізгіштігі жақсарады;
  • репродуктивтік функция сақталады;
  • қартаю үдерістері баяулайды;
  • ісікке қарсы иммундық жауаптың тиімділігі артады.
D дәрумені ағзаға ұзақ уақыт бойы жеткіліксіз түскен жағдайда оның тапшылығы дамиды. Бұл ересектерде остеомаляцияның (сүйектердің жұмсаруы), ал балаларда мешелдің (рахиттің) пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл аурулардың белгілері — жиі сынулар, сүйектердің деформациясы және ауырсыну синдромы.
Фото 1
Фото 2

D дәруменінің тапшылығына кімдер ерекше бейім?

D дәруменінің жетіспеушілігі – жеткілікті жиі кездесетін құбылыс, ал күз және қыс мезгілдерінде күннің қысқа болуына байланысты оның даму ықтималдығы одан да жоғары болады.

D дәруменінің тапшылығына көбіне төмендегілер бейім болады:
  • жабық бөлмелерде жасанды жарықпен ұзақ уақыт жұмыс істейтін мамандар (кеңсе қызметкерлері, шахтерлер, үй қызметкерлері және т.б.);
  • Солтүстік ендіктерде тұратын адамдар;
  • 65 жастан асқан адамдар;
  • Алдын алу мақсатында D дәрумені препараттарын қабылдамайтын, жүкті және бала емізетін әйелдер;
  • Сүт ақуызына аллергиясы бар, лактозаны көтере алмайтын, ово-вегетариандық немесе қатаң вегетариандықты ұстанатын адамдар;
  • Бүйрек және асқазан-ішек жолы аурулары, сондай-ақ артық салмақ және семіздігі бар пациенттер;
  • D дәрумені метаболизміне айтарлықтай әсер ететін дәрілік препараттарды қабылдайтын адамдар.
Тест нәтижелеріне сәйкес дәрігер оңтайлы дозаны тағайындайды – оны өз бетіңізше жасауға болмайды.

D витаминінің деңгейін бақылау оның тапшылығын уақытында анықтауға және денсаулыққа әсері болатын ауыр салдарлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Фото 3
Фото 4

Біз не ұсынамыз? 

Қалай дайындалу керек?

  • Қанды алу таңертең, 8–14 сағаттық түнгі аштықтан кейін ашқарынға жүргізілгені жөн (су ішуге болады).
  • Егер D витаминін 7000 ХБ/тәулік мөлшерден көп қабылдаған болса, 25(OH)D деңгейін анықтау соңғы қабылдаған препараттан кейін кемінде 3 күннен кейін жүргізілуі тиімді, емдеуші дәрігер басқаша көрсетпеген жағдайда.
Фото 5
Фото 6
02.02.2026 - 31.03.2026
5 990 ₸
Біз әрқашан байланыстамыз
+7 (707) 2 585 888
Егер сіз көбірек білгіңіз келсе, бізге қоңырау шалыңыз. Біз сұрақтарға жауап береміз, сондай-ақ қызметтердің құнын бағдарлаймыз.

Акцияға қатысу оңай

1
Медициналық кеңсені таңдаңыз
2
Биоматериалды алу кестесін нақтылаңыз
3
Тест тапсыру үшін медициналық кеңсеге келіңіз
Медициналық кеңсені таңдаңыз
gifts2023
Свяжитесь с нами