D дәрумені сүйектердің беріктігін қамтамасыз ететін минералдар - кальций, фосфор және магний алмасуын реттеуге қатысады.
Сонымен қатар, ағзадағы D дәруменінің жеткілікті деңгейі кезінде:
- тыныс алу жолдары ауруларының жиілігі төмендейді, сондай-ақ қант диабеті мен жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі азаяды;
- жүйке-бұлшықет өткізгіштігі жақсарады;
- репродуктивтік функция сақталады;
- қартаю үдерістері баяулайды;
- ісікке қарсы иммундық жауаптың тиімділігі артады.
D дәрумені ағзаға ұзақ уақыт бойы жеткіліксіз түскен жағдайда оның тапшылығы дамиды. Бұл ересектерде остеомаляцияның (сүйектердің жұмсаруы), ал балаларда мешелдің (рахиттің) пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл аурулардың белгілері — жиі сынулар, сүйектердің деформациясы және ауырсыну синдромы.