Top.Mail.Ru
Откройте чат или скачайте Viber

Сіз қалада тұрсыз  Сіздің қалаңыз:  Атырау

Бағалар және төлем әдістері таңдалған қалаға байланысты.
Пациенттерге
Талдаулардың нәтижелері
Талдаулардың нәтижелері
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Kz
Тілді өзгерту
Пациенттерге

16.03.2026 - 30.04.2026

Неліктен бұл маңызды?

Аллергия адамның әдеттегі өмір ырғағына әсер ететін жағымсыз симптомдармен байқалады. Кей жағдайларда ол өмірге қауіп төндіруі ықтимал.

Аллергияға күдік туындаса, дереу аллерголог дәрігерге қаралу қажет. Дұрыс таңдалған ем аллергияны бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
Фото 1
Фото 2

Не нәрсеге аллергия болуы мүмкін?

Аллерген – бұл аллергиялық реакцияны тудыруы мүмкін кез келген зат. Ең жиі кездесетіндері: тозаң, өсімдіктердің шаңы, үй жануарларының жүні, зең, цитрус жемістері, сүт және сүт өнімдері, бал және тағы басқа заттар.
Фото 3
Фото 4

Қандай симптомдар болуы мүмкін?

Аллергияның типтік белгілеріне мыналар жатады:

  • әлсіздік, ашушаңдық, зейінді шоғырландыру қиын, ұйықтау қиын, бас ауруы;
  • екі көздің қабағының ісінуі мен қызаруы, жас ағу, қышу, көрудің нашарлауы;
  • мұрыннан мөлдір бөліністер, жиі түшкіру, мұрынның қышуы және күйдірілуі және мұрынның бітелу сезімі;
  • кейде – иіс сезудің төмендеуі, жөтел, кеуде қуысының қысылуы, ентігу;
  • терінің бөртпесі, қызаруы, ісінуі және пиллингі;
  • диарея, метеоризм, құсу және т.б.
Фото 5
Фото 6

Біз не ұсынамыз?

ALEX2 панелі бір уақытта кең спектрлі аллергендерге сезімталдықты анықтауға мүмкіндік береді, соның ішінде:

  • әртүрлі дәнді дақылдардың, ағаштардың, шөптердің шаңы;
  • үй шаңының кенелері;
  • зең және ашытқы саңырауқұлақтары;
  • өсімдік және жануар тектес өнімдер;
  • үй жануарлары мен малдың тері қабаты мен қабыршағы;
  • латекс;
  • жәндіктер және олардың уы.

Зерттеу кешені 

ALEX2 жайлы

Толық компоненттік талдау 300-ге дейін көрсеткішті қамтиды және дәрігерге:

  • аллергияның нақты көзін анықтауға;
  • мүмкін болатын қаталас реакциялар спектрін болжауға;
  • ықтимал симптомдардың дамуы мен ауырлығын алдын ала бағалауға;
  • дұрыс ем тағайындауға, соның ішінде аллерген-спецификалық иммунотерапияны (АСИТ) енгізуге;
  • тамақтану және өмір салты бойынша ұсыныстар беруге,- мүмкіндік береді
Фото 7
Фото 8

Қалай дайындалу керек?

  • Тест тағайындалғанда өз дәрігеріңіздің нұсқауларын орындаңыз.
  • Арнайы дайындық қажет емес.
  • Антигистаминдік препараттар зерттеу нәтижесіне әсер етпейді.
Фото 9
Фото 10
16.03.2026 - 30.04.2026
Біз әрқашан байланыстамыз
+7 (707) 2 585 888
Егер сіз көбірек білгіңіз келсе, бізге қоңырау шалыңыз. Біз сұрақтарға жауап береміз, сондай-ақ қызметтердің құнын бағдарлаймыз.

Акцияға қатысу оңай

1
Медициналық кеңсені таңдаңыз
2
Биоматериалды алу кестесін нақтылаңыз
3
Тест тапсыру үшін медициналық кеңсеге келіңіз
Медициналық кеңсені таңдаңыз
gifts2023
Свяжитесь с нами