Сіз қалада тұрсыз Сіздің қалаңыз: Актобе
Караганда қаласында жаңа INVITRO медициналық кеңсесі пациенттерді қабылдауды бастады.
Караганда қаласындағы жаңа INVITRO медициналық кеңсесі 4 000 - нан астам зертханалық зерттеу түрлерін, гинекологиялық және урологиялық талдаулар алу қызметтерін ұсынады.
INVITRO медициналық кеңсесіне пациенттер өз еркімен немесе дәрігердің жолдамасымен жүгіне алады. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік стандарттарға сай рәсімделеді, кез келген емханаларда жарамды болып табылады. Биоматериалды алу үшін қолданылатын бір реттік вакуумдық жүйелер процедураны жылдам, әрі қауіпсіз етеді, ал пробиркаларды жеке штрих-кодтармен таңбалау үлгілердің шатасу мүмкіндігін болдырмайды. Пациенттерге нәтижелерді жібермес бұрын, нәтижелер екі сатылы тексеруден өтеді – медициналық және технологиялық. Заманауи жабдық пен тиімді логистикаға байланысты көптеген зерттеулердің нәтижелері биоматериал алынған күннен кейінгі тәуліктің ішінде дайын болады.
Тегін SMS-хабарлама қызметін қосу арқылы сіз нәтижелердің дайын болғанын дер кезінде біле аласыз. Ал нәтижелерді электрондық пошта, https://invitro.kz/ сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе медициналық кеңседен алуға болады.
Мекенжайы:
Караганда қ., Карла Маркса к-сі, 7-шi үй.
Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма 07:30-15:30, сенбі 08:00-13:00, жексенбі – демалыс.